«Үздік экскурсовод – 2020» облыстық онлайн-байқауы

«Үздік экскурсовод – 2020» облыстық онлайн-байқауы

Экскурсиялық қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын дамыту және жандандыру, музей кәсібінің беделін арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылдың қараша айында музейдің 100 жылдығына арналған II облыстық «Үздік экскурсовод» байқауы әдеттегі онлайн-режимде өтті.

         Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1-ші кезеңде қатысушылардың әрқайсысы портфолио дайындады, 2-ші кезеңде қатысушылар бейне-ролик форматында «МЕНІҢ МУЗЕЙДЕГІ ТАРИХЫМ» экскурсиясын ұсынды, сондай-ақ ZOOM платформасында байқаудың «ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ» атты 3-ші кезеңі өтті, онда қатысушылар әртүрлі санаттағы келушілермен экскурсия жүргізу кезінде өз біліктіліктері мен дағдыларын көрсетті.

         Барлық турлар мен онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша Бас жүлдені Вероника Антипова (Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі) жеңіп алып, мүсінше мен ақшалай сертификатқа иеленді. Жүлделі орындарға: I ОРЫН -  Біләлова Айым Бекжанқызы (Көкшетау қаласының тарихы музейі), II ОРЫН - Бекенова Үмітжан Базарбекқызы (І.Есенберлиннің әдеби музейі), III ОРЫН - Махметова Аягөз Мұратқызы (Мәлік Ғабдуллин музейі) ие болып, диплом мен ақшалай сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, облыстық онлайн-байқауға қатысушылар арасында номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдар, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. «Көрермендер көзайымы» номинациясын Махметова Аягөз Мұратқызы (Мәлік Ғабдуллин музейі); «Үздік театрализация» номинациясын Біләлова Айым Бекжанқызы (Көкшетау қаласының тарихы музейі); «Тақырыпты түсіну мен білу» номинациясын Вероника Антипова (Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі); «Батыл қатысушы» номинациясын Қаржаубаев Қайрат Балташұлы (Степногор тарихи-өлкетану музейі) жеңіп алды. Ақмола облыстық орыс драма театрының Я.А.Куклинский атындағы дипломы Бекенова Үмітжан Базарбекқызына (І.Есенберлиннің әдеби музейі) берілді. 

Сондай-ақ, қазылар алқасы жанкүйерлер арасында ұйымдастырылған «Үздік комментатор» номинациясының жеңімпаздарын жариялады. Олар: Ләззат Даулетова  (Нұр-Сұлтан қ.) және Бауыржан Ділдабек (Нұр-Сұлтан қ.).

Мұндай байқаулар дәстүрге айналуы мүмкін, себебі қатысушылар үшін бұл өздерінің кәсіби деңгейін және экскурсиялық істі дамыту деңгейін арттыруға тамаша мүмкіндік.