Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту туралы қаулы жобасы әзірленді
Ақмола облысының мәдениет басқармасы «Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулы жобасын әзірледі.
Жобаны қабылдау қажеттілігі мәдениет саласында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақмола облысы тұрғындары үшін мәдени қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты.
Жобада қаулыға қосымшаға сәйкес Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту көзделген.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ақмола облысының мәдениет басқармасы тарапынан жүзеге асырылатын болады.
Қаулының қабылдануы облыс тұрғындарының шығармашылық әлеуетін дамытуға және мәдени қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.