Ашық есік күні

Ашық есік күні

2026 жылғы 4 маусымда Ақмола облысының мәдениет басқармасы мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындылығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында ведомстволық бағынысты мәдениет ұйымдарының қызметкерлері үшін "Ашық есік күнін"өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар мәдениет басқармасы бөлімдерінің жұмысымен, негізгі міндеттерімен, функцияларымен танысты.

«Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерімен, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексімен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды.

Соңында қатысушыларға бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы мәліметтер жеткізіліп және мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру тәртібі түсіндірілді.