Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/activities/17164?lang=kk  бөлімінде 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есеп орналастырылған.

Барлық тұрғындарды жария талқылауларға белсенді қатысып  ұсыныстар немесе ескертулер болған жағдайда «Пікірлер» терезесінде білдірулеріңізді сұраймыз.

Жария талқылау өткiзiлетiн күнi — 2026 жылғы 1 наурыздан 30 наурыз аралығында