Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Әдебиет және өнер музейімен а.ж. 30 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жылдығы мен Қазақ хандығының 555 жылдығына орай «Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы» атты ғылыми конференциясын өткізілді.
Конференцияның мақсаты - Алтын Орданың құрылғанына 750 жылдығы мен Қазақ хандығының 555 жылдығы мерейтойын лайықты деңгейде атап өту. Сол арқылы, жас ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектерінің баспа бетінде жарық көруіне жағдай жасау, көпшіліктің қазақ халқының тарихын тануға деген қызығушылықтарын ояту, өз халқының тарихына құрметпен қарауға шақыру болды.