Халықаралық «Алаш сыйлығының лауреаты», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мағира Қожахметовамен кездесу

Халықаралық «Алаш сыйлығының лауреаты», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мағира Қожахметовамен кездесу
Белгілі Ақмолалық жазушы, журналист, драматург, Халықаралық «Алаш сыйлығының лауреаты», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Зеренді ауданының құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің кавалері Мағира Қожахметова апайымыз Көкшетауға келіп, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитовамен жүздесіп, қазақ әдебиеті пен мәдениеті жайында пікірлесті.
 
Ақпан айында мерейлі 80 жасқа толған қажырлы, қайратты қаламгер, интелектуал тұлға Мағира апамыз қолынан қаламын тастамай, өз күшімен балаларға арналған бір журнал мен бір газет шығарып, әлі де еңбектеніп жүргені — елге үлгі боларлықтай игілікті іс. Кездесу барысында биылғы жылғы атап өтелетін 80 жылдық мерейтойдың іс-шаралары туралы да талқыланды