"Көкшетау" мәдениет сарайының ұжымы облыс орталығы тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынды

"Көкшетау" мәдениет сарайының ұжымы облыс орталығы тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынды
«РИО» сауда-ойын-сауық орталығында референдумды қолдауға арналған «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтті.
 
Концерттік бағдарламаға халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова, «Көкшетау», «Сувенир» халықтық би ансамбльдері, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі, халықтық ардагерлер хоры, «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі, «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы және «Көркемтау» домбырашылар ансамблі өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
Өнерпаздардың жарқын өнері мен жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігі көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленіп, кеш көрермен көңілінен шығып, зор қошеметке ие болды.
 
Концерт жүргізушілері Амина Қайратова және Бейбіт Кешу. Концерттік бағдарлама жанрлық байлығымен, ұлттық дәстүр мен заманауи өнердің үйлесімімен ерекшеленіп, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіне айналды.