
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тіл саясаты комитеті төрағасының
2026 жылғы «30» қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
1-қосымша «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерінің арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ретін, қатысу шарттарын, сондай-ақ жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
3. Байқаудың міндеті – мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерін анықтау, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру.
2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
4. Байқауды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).
5. Байқау жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізіледі.
6. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылғы 1 наурызға дейін Комитеттің, жергілікті атқарушы органдардың (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
7. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
8. Қазылар алқасы үміткерлерді бағалау платформасы арқылы анықтайды.
9. Қазылар алқасының құрамына 3 адамнан тұратын филолог ғалымдар кіреді.
10. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
3. Байқауға қатысу тәртібі
11. Байқауға облыстарда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері қатысады.
12. Республикалық кезеңге қатысуға өтінім (әр өңірден 1 адам) тіл саласына жауапты құзыретті органның бірінші басшысының қолымен ұсынылуы тиіс.
13. Байқауға қатысу үшін 2026 жылғы 1 тамызға дейін a.karymsakova@sci.gov.kz электронды поштасына «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауына деген белгімен қол қойылған және сканерлеген өтінімді келесі құжаттармен бірге жолдайды:
1) осы ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінім;
2) әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, TikTok) #tilsheberi хештегімен жарияланған, жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып әзірленген аудиовизуалды өнім сілтемелерімен;
3) өз саласында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жоба;
14. Ереженің 13-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін Байқауға қатысу үшін ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
15. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
16. Байқау нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі 2026 жылы қазан айында Астана қаласында өтеді.
4. Байқау кезеңдері
17. Байқау екі кезеңнен тұрады:
1) «Үздік цифрлы контент» – жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып әзірленген, әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, TikTok) #memlekettiktil хештегімен жарияланған сапалы әрі мазмұнды аудиовизуалды өнім;
2) «Қазақ тілін үйренудегі тиімді әдістер» – қазақ тілін меңгеруге арналған тиімді әдістерді көрсетуге, жеке тәжірибесімен бөлісуге және қазақ тілін күнделікті өмірде және кәсіби ортада қолдануды арттыруға бағытталған нақты жоба;
5. Аудиовизуалды өнімге қойылатын талаптар
18. Аудиовизуалды өнімге мынадай талаптар қойылады:
1) ұзақтығы 2 минуттан 3 минутқа дейін кемінде бір видео;
2) контент мемлекеттік тілде ұсынылуы тиіс;
3) материал әлеуметтік желілерде ашық қолжетімді болуы қажет;
4) авторлық құқық талаптары сақталуы тиіс.
6. Жобаға қойылатын талаптар
19. Байқауға ұсынылатын жобалар төмендегі бағыттардың бірі бойынша әзірленуі керек:
1) қазақ тілін күнделікті өмірде немесе кәсіби ортада қолдануды арттыруға бағытталған бастамаларды ұсыну;
2) қазақ тілін меңгеруге арналған тиімді әдістерді ұсыну;
3) қазақ тілін үйренудегі жеке тәжірибеге негізделген әдістерді ұсыну.
7. Бағалау өлшемшарттары
20. Байқау материалдары мына өлшемшарттар бойынша бағаланады:
1) тақырыпқа сәйкестік;
2) ақпараттың өзектілігі, нақтылығы және шынайылығы;
3) мәселені талдау тереңдігі;
4) материалды ұсыну шеберлігі;
8. Байқау қорытындысы туралы
21. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар және Комитет бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Қалған қатысушылар алғысхаттар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
22. Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау аяқталғаннан кейінгі 3 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады. Байланыс телефондары: 8(7172)741594, 8(775)0009298.
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымша нысан
«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауына қатысуға өтінім
1. Т.А.Ә.____________________
2. Жасы_____________________
3. Жұмыс орны __________________
4. Лауазымы___________________
5. Мекенжайы____________________
5. Байланыс телефондары (ұялы) _____________
6. Фото ____________________
7. Қосымша ақпарат ________________
8. Қоса ұсынылуы тиіс: фото (эл.нұсқада), жеке куәліктің көшірмесі және Байқауға қатысушының «мемлекеттік қызметші» екенін растайтын анықтама.
Қолы
Күні
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тіл саясаты комитеті төрағасының
2026 жылғы «30» қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
2-қосымша
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауды
ұйымдастыру және өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауды (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқауға қатысу және жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді. 2. Байқаудың мақсаты – тілдерді оқыту орталықтарының авторлық бағдарламаларын, ересектерге қазақ тілін тиімді үйрету әдістемелері бар оқытушыларды ынталандыру, қолдау және марапаттау. 3. Байқаудың міндеттері:
1) қазақ тілінің ортадан жоғары (В2) деңгейін меңгертудің үздік тәжірибесін анықтау;
2) оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
3) қазақ тілін меңгертудің озық авторлық бағдарламаларын тарату;
4) ересектерге мемлекеттік тілді үйрететін шығармашыл әлеуеті бар оқытушылардың бәсекелестік ортасын қалыптастыру;
5) оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру.
2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
4. Байқауды ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).
5. Байқау жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізіледі.
6. Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитеттің интернет-ресурстарында орналастырылады.
7. Байқау 2026 жылғы қыркүйекте өтеді.
8. Байқау 3 кезеңнен тұрады:
1) Бірінші кезең. «Менің жеке жетістіктерім» оқытушының жеке портфолиосын қазылар алқасына алдын-ала ұсыну.
2) Екінші кезең. «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбы бойынша сабақ үлгісінің таныстырылымы (5-7 мин).
Таныстырылымда Canva, Miro, Guiz, Quizlet, Padlet, Kahoot, Flipped learning, жасанды интеллекет және т.б сияқты қосымша/бағдарламалардың бір немесе бірнешеуін қолдану шарт.
2
3) Үшінші кезең. Байқау қатысушыларынан В2 деңгейіне сәйкес келетін, тыңдаушылар саны 5-10 этнос өкілдерінен тұратын сынама топ ұйымдастырылады. Оқытушы сынама топтағы тіл үйренушілерге сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) тапсырмаларды орындата отырып, сабақ өткізіледі. Сабақ көлемі 15 минут болады. Байқаудың бұл кезеңі жағдаяттық тапсырмаларға негізделеді.
Тіл үйренушілердің жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым тапсырмаларын орындау кезіндегі белсенділігі ескеріледі.
9. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды.
Қазылар алқасының құрамына бес адамнан тұратын білікті педагог-әдіскерлер мен ғалымдар кіреді.
10. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. 3. Байқауға қатысу тәртібі
11. Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын мемлекеттік және жекеменшік Тілдерді оқыту орталықтарының кем дегенде 2 жыл (сол орталықта) өтілі бар оқытушылар арасында өткізіледі.
12. Байқауда соңғы 3 жылда жеңімпаз немесе жүлделі орынға ие болған қатысушылар қатыса алмайды.
13. Байқауға қатысуға өтінім осы Ережеге қосымша берілген нысанда қабылданады.
4. Қорытынды ережелер
14. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар және Комитет бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Қалған қатысушылар алғысхаттар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
15. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткен күні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитеттің интернет-ресурстарына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
16. Тілдерді оқыту орталықтары тарапынан қатысатын оқытушыларға жол шығыны, тәуліктік шығындар ұйымдастырушылар тарапынан төленеді және қонақүйге орналастырылады.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-99-11, 74-07-74, 8 (701) 402-91-03.
3
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық
байқауды ұйымдастыру және өткізу ережесіне
қосымша
нысан
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
республикалық байқауға қатысуға
өтінім
1. Т.А.Ә. __________________
2. Жасы _________________
3. Білімі___________________
4. Қызметі__________________
5. Мекенжайы________________
6. Байланыс телефондары_____________
7. Қосымша ақпарат ______________
Қолы
Күні
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тіл саясаты комитеті төрағасының
2026 жылғы «30» қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
3-қосымша
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын
ұйымдастыру және өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Байқауға қатысу және жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Байқаудың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді танымал ету және мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.
Байқау өткізудің міндеттері:
1) мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аудару;
2) мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым) және интернет-ресурстарда жарияланған мақалалар, теле-, радиобағдарламаларды жұртшылық арасында ілгерілету;
3) қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
3. Байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).
4. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитеттің интернет-ресурсына орналастырылады.
5. Байқауға қатысу үшін Ереженің 9-тармағында көрсетілген екі номинацияның біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген) g.kokina@sci.gov.kz электронды поштасына «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына» деген белгімен 2026 жылғы 1 шілде сағат 24.00-ге дейін мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс:
1) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінім;
2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым) және интернет-ресурстарда жарияланған мақалалар (2 мақала), теле-, радиобағдарламалар (1 бағдарлама);
2
3) жарияланған мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары, скриншоттары (мерзімді баспасөз басылымы, интернет-басылым, интернет-ресурстар), теле-, радиобағдарламалардың жазбасы.
6. Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін Байқауға қатысу үшін ұсынылған өтінім қабылданбайды.
7. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды және Ереженің 5, 8-тармақатарында көрсетілген талаптарға cәйкес келмейтін жағдайда қараусыз қалдырылады.
8. Байқау материалдарын бағалау өлшемшарттары:
1) тақырыпқа сәйкестік;
2) қамтылған ақпараттың өзектілігі, нақтылығы мен шынайылығы;
3) мәселені талдау тереңдігі;
4) материалды жеткізу шеберлігі.
9. Байқау екі номинациядан тұрады:
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік теле/ радиобағдарлама».
10. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
11. Қазылар алқасы құрамына кемінде бес адамнан тұратын тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандары, ғалымдар кіреді. Қазылар алқасының төрағасы ретінде алдыңғы 3 жылда сайланған тұлғалар тартыла алмайды.
12. Қазылар алқасының мүшелері Байқауға қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы Байқаудың екі номинациясы бойынша жүлдегерлерді анықтайды.
Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
13. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
3. Байқауға қатысу тәртібі
14. Байқауға кәсіби журналистер, телевизия және радио, газет, сайт ұжымдары, сондай-ақ осы Ереженің талаптарына сәйкес мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде мақалалар жариялаған Қазақстан Республикасының басқа да азаматтары қатыса алады.
15. Байқауға соңғы 3 жылда бірінші орын алған жүлдегерлер қатыстырылмайды.
16. Байқауға қатысушылардан отандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оның қоғамдағы рөлін арттыру жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады. Материалдар аналитикалық талдаулар, проблемалар мен олардың шешу жолдарына негізделуі қажет. Материалдарда
3
қазақ тілінің қолданысын кеңейтудің және оның қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданудың тиімді жолдары көрсетілуі тиіс.
17. Үміткерлердің Байқауға ұсынған материалдары олардың кәсіби біліктіліктерін, мультимедиалық сторителлинг және заманауи медиа мүмкіндіктерін, қазақ тілін үйретудің заманауи моделін көпшілікке аша алуы қажет. Материалдарды бағалау барысында авторлардың заманауи біліктіліктері, оның ішінде дата-журналистік қабілеттері де ескеріледі.
18. Байқауға қатысушы коммуникативтік ресурстарды орынды қолданып, заманауи медиатехнологияларды дәстүрлі журналистика құралдарымен кіріктіре отырып, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, сол арқылы қазақ тілінің қызметі, даму жолдары мен тіл саясатының түрлі қырларын, өзекті мәселелерін сапалы, сенімді және нәтижелі түрде баяндауы қажет.
19. Байқауға қатысушылардың қазақтілді контентті қарқынды дамытудың заманауи жолдары мен инновациялық шешімдерін көрсете білуі ескеріледі. Әлеуметтік ортада, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің нық орнығып, еркін қолданылуында кездесетін кедергілерді айқындай отырып, негізгі шешімдер ұсыну шеберліктеріне мән беріледі.
4. Байқау қорытындысы туралы
20. Байқау жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және жоспарланған жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
21. Байқаудың жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау аяқталғаннан кейінгі 3 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады.
Байланыс телефондары: (87172) 74-01-35, 74-09-85.
4
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық
байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесіне
қосымша
нысан
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық
байқауына қатысуға
өтінім
Тегі, аты, әкесінің аты_______________
Жасы ___________________
Білімі_____________________
Қызметі (міндетті түрде БАҚ атауын, лауазымын көрсету қажет)____________________
Мекенжайы__________________
Байланыс телефоны (WhatsApp нөмірі)___________
Электронды пошта _______________
Мақала, теле-, радиобағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:
1) _____________________
2) ______________________
Қосымша ақпарат ______________
Қолы
Күні
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тіл саясаты комитеті төрағасының
2026 жылғы «30» қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
4-қосымша
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауын
ұйымдастыру және өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқауға қатысу және жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қазақстандық қоғам бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретіндегі рөлін арттыру, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңы талаптарының орындалуын қадағалау және осы бағытта белсенділік танытып жүрген азаматтарды ынталандыру.
3. Байқаудың міндеті – республика (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) аумағындағы квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдерін, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілерді және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтарды қолдау және ынталандыру.
2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
4. Байқауды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).
5. Байқау жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізіледі.
6. Байқау аясында қоғаммен, квазимемлекеттік сектормен, жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен (шағын, орта және ірі бизнес) байланыс орнатылады.
7. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылғы 1 сәуірге дейін Комитеттің, жергілікті атқарушы органдардың (облыс, республикалық маңызы бар қала) интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
8. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасының құрамына саны бес адамнан тұратын филолог, заңгер ғалымдар, мамандар, қоғам қайраткерлері кіреді.
2
9. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы жүлдегерлерді анықтайды.
Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші.
10. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
3. Байқауға қатысу тәртібі
11. Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдері, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
12. Байқауға қатысушылар:
1) Ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:
1) тауар өндіруші:
- өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;
- ғимаратта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;
2) азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.
13. Байқауға соңғы 3 жылда бас жүлде және бірінші орын алған жеңімпаздар қатыстырылмайды.
14. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы:
- 1 тамызға дейін облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдігіне қарасты тіл саясатын іске асыратын құрылымдық бөлімшелерге тапсырылуы қажет;
- ұсынылған жұмыстар санына (20 жұмыстан артық емес) және сапасына қарай облыстық іріктеу кезеңінен өтіп 2026 жылғы 28 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
15. Жергілікті атқарушы органдар:
1) Байқауға қатысқан квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар арасынан жүлдегерлерді анықтауы;
2) Жоғары тұрған органға жүлдегер туралы мәліметті 14-тармақта көрсетілген мерзімде ұсынуы;
3
3) Облыстық, республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі Байқау жүлдегерлері туралы мәліметтерді (қатысушының жеке куәлігі, жұмыс орнынан анықтама), хаттама және олардың жұмысын электронды поштаға 2026 жылғы 29 тамыз сағат 24.00-ге дейін ұсынуы қажет.
4. Байқау қорытындысы
16. Байқау жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және Комитет бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
17. Байқау жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін 10 күн ішінде Комитеттің ресми интернет-ресурсына және әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырылады.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-27-84, 74-03-42, 74-03-25. +7 7772638171.
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауын ұйымдастыру
және өткізу ережесіне қосымша
1-нысан
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауына қатысуға
өтінім
1. Кәсіпкерлік субъектісінің атауы______________
2. Мекенжайы________________
3. Байланыс телефондары_____________
4. Қосымша ақпарат ______________
Басшының қолы
Күні
5
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауын ұйымдастыру
және өткізу ережесіне қосымша
2-нысан
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауына қатысуға
өтінім
1. Т.А.Ә. __________________
2. Жасы _________________
3. Білімі___________________
4. Қызметі__________________
5. Мекенжайы________________
6. Байланыс телефондары_____________
7. Қосымша ақпарат ______________
Қолы
Күн
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тіл саясаты комитеті төрағасының
2026 жылғы «30» қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
5-қосымша
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген
мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» республикалық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ретін, қатысу шарттарын, сондай-ақ жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Байқаудың мақсаты – үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді қолдау, ынталандыру және насихаттау.
3. Байқаудың міндеті – үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау, көптілділікті мемлекеттік қызметте тиімді қолдануды насихаттау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған бастамалар мен жобаларды қолдау.
2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
4. Байқауды ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).
5. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылдың 1 наурызға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитеттің интернет-ресурсына орналастырылады.
6. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
7. Қазылар алқасы бірінші кезең бойынша үміткерлерді бағалау платформасы арқылы анықтайды.
8. Қазылар алқасының мүшелері Байқауға қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы Байқаудың үш кезеңі бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтайды.
9. Қазылар алқасының құрамына қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 5 адамнан тұратын ғалымдар, әдіскерлер, мамандар кіреді.
10. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
3. Байқауға қатысу тәртібі
11. Байқауға орталық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері қатысады.
12. Республикалық кезеңге қатысуға өтінім (әр орталық мемлекеттік органнан 1 адам) бірінші басшысының қолымен ұсынылуы тиіс.
13. Байқауға қатысу үшін үміткерлер 2026 жылғы 1 тамызға дейін a.karymsakova@sci.gov.kz электронды поштасына «Тіл шебері» республикалық байқауына деген белгімен қол қойылған және сканерлеген өтінімді келесі құжаттармен бірге жолдайды:
1) осы ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінім;
2) әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, TikTok) #tilsheberi хештегімен жарияланған аудиовизуалды өнім сілтемелерімен;
3) өз саласында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жоба;
14. Ереженің 7-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін Байқауға қатысу үшін ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
15. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
4. Байқау кезеңдері
16. Байқау үш кезеңнен тұрады:
1) «Үздік цифрлы контент» – жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып әзірленген, әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, TikTok) #tilsheberi хештегімен жарияланған сапалы әрі мазмұнды аудиовизуалды өнім;
2) «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үздік жоба» – өз саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған нақты жоба;
3) «Тіл шебері» үш тілді меңгерудің себептері, оның мемлекеттік қызметтегі пайдасы және кәсіби қызметтегі мүмкіндіктер туралы эссе;
4. Аудиовизуалды өнімге қойылатын талаптар
17. Аудиовизуалды өнімге мынандай талаптар қойылады:
1) ұзақтығы 2 минуттан 3 минутқа дейін, бірнеше видео;
2) контентте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қолданылуы ұсынылады, негізгі мазмұн қазақ тілінде берілуі тиіс;
3) материал әлеуметтік желілерде ашық қолжетімді болуы қажет;
4) авторлық құқық талаптары сақталуы тиіс.
5. Жобаға қойылатын талаптар
18. Байқауға ұсынылатын жобалар төмендегі бағыттардың бірі бойынша әзірленуі керек:
1) мемлекеттік органда қазақ тілінде іс жүргізуді жетілдіру;
2) қызметкерлерге арналған қазақ тілі клубын ұйымдастыру;
3) ішкі коммуникацияда мемлекеттік тілдің басымдығын қамтамасыз ету.
6. Эссеге қойылатын талаптар
19. Эссе келесі талаптарға сәйкес жазылуы керек:
1) эссе көлемі кемінде 250 сөз;
2) эссе қазақ тілінде жазылады;
3) үш тілді меңгерудің себептері;
4) мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі;
5) көптілдіктің кәсіби қызметке әсері;
6) болашақтағы кәсіби мүмкіндіктері;
7. Бағалау өлшемшарттары
20. Байқау материалдары мына өлшемшарттар бойынша бағаланады:
1) тақырыпқа сәйкестік;
2) ақпараттың өзектілігі, нақтылығы және шынайылығы;
3) мәселені талдау тереңдігі;
4) материалды ұсыну шеберлігі;
8. Байқауға қатысушыларды бағалау тәртібі
21. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
22. Қазылар алқасы бірінші кезең бойынша үміткерлерді бағалау платформасы арқылы анықтайды.
23. Қазылар алқасының мүшелері Байқауға қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы Байқаудың үш кезеңі бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтайды.
24. Қазылар алқасының құрамына қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 5 адамнан тұратын ғалымдар, әдіскерлер, мамандар кіреді.
25. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
9. Байқау қорытындысы туралы
26. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар және Комитет бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Қалған қатысушылар алғысхаттар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
27. Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау аяқталғаннан кейінгі 3 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады. Байланыс телефондары: 8(7172)741594.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» республикалық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымша
нысан
«Тіл шебері»
республикалық байқауына қатысуға
өтінім
1. Т.А.Ә.____________________
2. Жасы_____________________
3. Жұмыс орны __________________
4. Лауазымы___________________
5. Мекенжайы____________________
5. Байланыс телефондары (ұялы) _____________
6. Фото ____________________
7. Қосымша ақпарат ________________
9. Қоса ұсынылуы тиіс: фото (эл.нұсқада), жеке куәліктің көшірмесі және Байқауға қатысушының «мемлекеттік қызметші» екенін растайтын анықтама.
Қолы
Күні