Пресс-релиз

Пресс-релиз

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында облыс орталығының жастары үшін тегін қойылым ұйымдастырылды

 

21 қаңтар күні Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанындағы Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Емтихан» («Құрметті Елена Сергеевна» пьесасының желісімен) драмасының қойылымы өтеді.

Қойылымның премьерасы 2021 ж. 8 желтоқсан күні болған. Қойылым авторы: Л.Разумовская, қоюшы-режиссері жас режиссер Т.Мажитов.        

Сахналық туынды мектеп қабырғасындағы жасөспірімдердің өзекті мәселелерін көтереді. Емтиханнан алған төмен бағаларын өзгертуге тырысқан жеткіншектер мен қиын жағдайға тап болған ұстаз арасындағы психологиялық тартыс көрсетіледі. Ұрпақтар арасындағы қақтығыс арқылы жауапкершілік, моральдық таңдау және ұстаз бен оқушы арасындағы күрделі қарым-қатынас терең ашылады. Қойылымда әр кейіпкердің өз ұстанымы бар, ал дұрыс пен бұрысты таразылау көрерменнің еншісінде.

Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Қойылымға 200 мектеп оқушысы тегін қатысады. Бұл жоба жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Іс-шараның мақсаты: Көрермендерге ой тастап, рухани азық беріп, қойылым арқылы қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді көрсету.

Кейіпкерлер:

Майра Бақытқызы-«Мәдениет саласының үздігі» Маржан Бөкешова;

Мақсат-Асланбек Шайсұлтанов;

Назым-Әсем Шайсұлтанова;

Әділ-Намыс Мақсатұлы;

Бақытжан-Жалғас Туйгунбеков.

21 қаңтар, 18.30