Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы Көкшетау мемлекеттік архивінің «Өмірде ерлікке әрқашан орын бар» фотокөрмесінің тұсаукесері

Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы Көкшетау мемлекеттік архивінің «Өмірде ерлікке әрқашан орын бар» фотокөрмесінің тұсаукесері

2020 жылы бүкіл әлем COVID-2019 короновирус пандемиясына тап болды. Бұл қорқынышты ауру, өкінішке орай, біздің еліміздің азаматтарын айналып өтпеді. Вируспен күресуге Ақмола облысының барлық арнайы қызметтері жұмылдырылды. Төтенше жағдай мен карантин кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мойнына үлкен жауапкершілік жүктелді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері де инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша тікелей міндеттерін атқарған болатын.

Осыған байланысты, мемлекеттік мұрағатта осы іс-шараларға арналған фотоқұжаттар жинағы жасалды.

Көрменің мақсаты - өткен оқиғаларды ұрпақтардың жадында сақтау, төтенше жағдайларда өзінің қызметтік ғана емес, азаматтық борышын да аянбай  орындаған адамдарға алғыс білдіру.

Фотокөрмеде коронавирустық инфекциямен күрес кезінде мамандандырылған қызметтердің жұмысын көрсететін фотоқұжаттар пайдаланылды: Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев бастаған медицина қызметкерлерінің, Ақмола облысы ПД ахуалдық штабының жұмысы, полиция және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің блокпостарда қызмет атқаруы, провизорлық бөлімшелердегі жұмыс уақыты, коронавирусты науқастарды емдеумен айналысатын дәрігерлердің ауысуы, Көкшетау техникалық институтының офицерлер құрамының қала аумағын санитарлық өңдеу процесі және басқа да фотоқұжаттар.

Аталған фотокөрме Көкшетау қаласының ұйымдары мен оқу орындарына қойылады.

Еліміз әрқашан да өз батырларын есте сақтайды. Адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін әрдайым қорғаған дәрігер, полиция қызметкері мамандығы құтқарылған өмір үшін құрмет пен алғыс тудырады.