Аршалы ауданының мемлекеттік архиві жаңа ғимаратқа көшті

Аршалы ауданының мемлекеттік архиві жаңа ғимаратқа көшті

Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының архивтер жұмысын қамтамасыз ету бөлімімен Аршалы ауданының мемлекеттік архивінің қызметіне кешенді тексеру жүргізілді. 2020 жылы Жұмыспен қамту жол картасы бойынша мемлекеттік архивке 2016 жылы бөлінген ғимаратты күрделі жөндеуге 39 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстары 5 мамыр мен 28 тамыз аралығында жүргізілді. 20 қыркүйектен бастап металл стеллаждар тасымалданып, 33 мың құжат көшірілді. Ғимаратта өрт және күзет дабылы, автоматты ұнтақты өрт сөндіру жүйесі, телефон және интернет байланысы орнатылған.

Кешенді тексеру өткізу кезінде құжаттардың қанағаттанарлық сақталуын және «архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру»  мемлекеттік қызметін сапалы орындауды көрсетті.