Үкілі Ыбырайдың 165 жылдығына арналған «Арқаның ән дариясы» облыстық дәстүрлі әншілер байқауы

Үкілі Ыбырайдың 165 жылдығына арналған «Арқаның ән дариясы» облыстық дәстүрлі әншілер байқауы

2025 жылдың 11 қыркүйегінде Бурабай аудандық мәдениет үйінде Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Үкілі Ыбырайдың 165 жылдығына арналған «Арқаның ән дариясы» облыстық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақ бойына рухани құндылықтарды дарыту, халқымыздың төл өнерін, оның ішінде дәстүрлі әншілік өнерді насихаттап, дамыту болды.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері Айтбек Нығызбаев және «Мәдениет саласының үздігі» Кенжебай Жәнібекұлы Мукушев болды.

Ақмола облысының Аршалы, Біржан сал, Атбасар, Егіндікөл, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласынан барлығы 15 өнерпаз қатысып, іріктеу және қорытынды кезеңдерде бақ сынады.

Байқау жеңімпаздары:

  • «Көрермен көзайымы» номинациясы – Қалиев Қазбек (Біржан сал ауданы), диплом және 30 000 теңге;
  • III орын – Тұяқ Шерхан (Аршалы ауданы), Есімхан Жасұлан (Қосшы қаласы), диплом және 50 000 теңге;
  • II орын – Райхан Аманкелді (Егіндікөл ауданы), Сакенов Азамат (Целиноград ауданы), диплом және 80 000 теңге;
  • I орын – Мұхтархан Дәулет (Біржан сал ауданы), диплом және 100 000 теңге;
  • Бас жүлде – Ақылтай Зекенов (Қорғалжын ауданы), ұйымдастыру алқасының дипломы және 120 000 теңге.

Сонымен қатар, байқаудың өзге қатысушылары өнерге қосқан үлесі үшін ұйымдастыру алқасының дипломымен және 20 000 теңге сертификатпен марапатталды.