Ұлтымыздың рухани көсемі, данышпан ойшыл, мәңгілік мұра иесі — Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 1–8 тамыз аралығында Ақмола облысы аумағында бірқатар ауқымды мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады.
«Абай әлемі» республикалық челленджі
📅 1–10 тамыз
🌐 Әлеуметтік желілер
📚 Ұйымдастырушы: Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Ұлт ұстазының өнегелі сөзін насихаттап, жастардың рухани дүниесін байытуға бағытталған бұл челлендж ел көлемінде кеңінен қолдау тауып, көпшілік ықыласына бөленіп отыр.
«Жүрегімнің түбіне терең бойла» — абайтанушы Сәбит Жәмбекпен сұхбат-кездесу
📅 4 тамыз
📍 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы
🏛 Ұйымдастырушы: Мәлік Ғабдуллин музейі
Филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы профессор Сәбит Жәмбекпен өтетін тағылымды сұхбатта хәкім Абай мұрасының терең иірімдері сараланып, ойшыл тұлғаның бүгінгі заманмен үндестігі кеңінен сөз болады.
«Дүниені оймен шолған хакім Абай» әдеби-сазды кеш
📅 7 тамыз
📍 Әдебиет және өнер музейі
Абай шығармашылығы мен музыкалық мұрасы ұштасатын бұл кеште поэзия мен күй, сөз бен саз үндесіп, көрермен жүрегінен орын алатын әсерлі атмосфера туындайды.
«Ұлы ақын – Абай Құнанбайұлы» патриоттық акциясы
📅 8 тамыз
📍 Көкшетау қаласының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы үлгілі қалалық кітапханасы
🏛 Ұйымдастырушы: Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы
Абай мұрасын барлық қоғам мүшесіне қолжетімді ету мақсатында ұйымдастырылған бұл акция – ұлт руханиятының баршаға ортақ байлық екенін тағы бір мәрте айқындайды.
Абай – мәңгілік мұра. Оның сөзі – жүрекке ем, ойға азық. Ұлы ақынның асыл аманатын дәріптеу – әр буынның қасиетті парызы. Аталған іс-шаралар ел руханиятын өркендетіп, келер ұрпаққа тағылым болары сөзсіз.
🖋 Ақмола облысының мәдениет басқармасы