Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын ұйымдастыру мәселелері бойынша Zoom платформасы арқылы облыстық кеңес өткізілді

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын ұйымдастыру мәселелері бойынша Zoom платформасы арқылы облыстық кеңес өткізілді

2025 жылғы 29 шілде күні Zoom платформасы арқылы Ақмола облысы аудандары мен қалаларының мәдениет бөлімдері басшыларының қатысуымен онлайн форматта жұмыс жиналысы өтті. Кеңесте ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өткізілетін мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылу барысы талқыланды.

Жиын барысында Абай облысы, Семей қаласында 9–10 тамыз күндері өтетін республикалық деңгейдегі іс-шараларға Ақмола облысы делегациясының қатысуы, киіз үй орнату, байқау қатысушыларының дайындық жұмыстары және жолға шығу тәртібі бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, 10 тамыз күні Көкшетау қаласында өтетін “Абай әлемі” атты мәдени арбаттың құрылымы мен мазмұны, қатысушы ұжымдардың дайындық деңгейі және техникалық ұйымдастыру жұмыстары пысықталды. Іс-шараның басты мақсаты – Абай мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық мәдениетті дәріптеу және шығармашылық ұжымдардың басын қосу.

Жиын қорытындысы бойынша аудандық және қалалық мәдениет бөлімдерінің басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғалар бекітілді.