Ақмола облысының театрлары – руханияттың жарқын шырақтары!

Ақмола облысының театрлары – руханияттың жарқын шырақтары!

2025 жылдың І жартыжылдығында Ақмола облысының театр өнері шынайы шабыт пен шығармашылық серпіліске толы кезеңді бастан өткерді.

Театрларымыз көрерменді қайталанбас өнермен қуантуды жалғастырып келеді.

Көрсеткіштер :

  • Жалпы 384 көркем қойылым сахналанды;
  • Оның ішінде 12 жаңа премьера көрермен назарына ұсынылды;
  • Театрларымызды тамашалаған көрермен саны – 30 000-ға жуық театр жанашырларын қамтыды.

Фестивальдерге қатысу:

Театр ұжымдары республикалық және халықаралық деңгейдегі беделді фестивальдерге қатысып, өнер көгін бағындырды. Атап айтсақ:

  • VІI Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрлары фестивалі,
  • 26-шы Халықаралық «Молодежь.Театр.Фест.» фестивалі,
  • IV «Құралай» республикалық қуыршақ театрлар фестивалі – бұл шаралар біздің театрларымыздың биік өнерге қосқан үлесін паш етті.

Гастрольдік сапарлар – рухани керуен:

Ақмола облысының театрлары өңір мен ел ішін аралап, өнердің шұғыласын шалғай ауылдарға жеткізді. Гастрольдік қойылымдар келесі аудандар мен елді мекендерде өтті:

  • Қарағанды облысы: Нұра, Осакаров аудандары мен Қарағанды қаласы;
  • Ақмола облысы: Зеренді ауданының Зеренді және Шағалалы ауылдары, Біржан сал ауданы (Степняк қаласы),
    Бурабай ауданы (Щучинск қаласы).

Жүректен жүрекке – қайырымдылық шаралары:
Театрлар 10 қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, өнердің шипалы әсерін ерекше мұқтаж жандарға сыйлады.