Ұлттық Домбыра күніне арналған жалпыоблыстық флешмоб

Ұлттық Домбыра күніне арналған жалпыоблыстық флешмоб

📅Өтетін күні: 2025 жылғы 6 шілде

📍Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Жаңа жағалау бойы

🕙Басталуы: сағат 12:00-де

Домбыра — ұлт рухының үні!

6 шілде күні Ақмола облысының орталығында Ұлттық Домбыра күніне арналған кең ауқымды жалпыоблыстық флешмоб өтеді. Бұл игі шараның басты мақсаты – ұлттық мәдени мұраны насихаттау, жас ұрпақ бойында қазақтың киелі аспабы — домбыраға деген құрметті ояту және ұлттық бірегейлікті нығайту.

Флешмобқа облыс орталығы мен аудандардан 3000-ға жуық домбырашы қатысады. Шараға кәсіби оркестрлер, фольклорлық ансамбльдер, дәстүрлі әншілер мен күй шеберлері тартылып отыр. Сонымен қатар, мәдениет ұйымдары мен домбыра үйірмелерінің қатысушылары да өнер көрсетеді.