Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен «Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы» МКҚК мәдениет қызметкерлері арасында «Үздік ұйымдастырушы» облыстық байқауы 2025 жылдың 26-27 маусым аралығында өтті.
Байқаудың басты мақсаты клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, мәдениет саласы мамандығының беделін арттыру, жастар арасында клуб қызметкері мамандығына деген қызығушылықты тудыру болып табылды.
Шығармашылық сайысқа Ақмола облысының Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Зеренді, Сандықтау, Біржан Сал Бұланды аудандарынан және Қосшы, Степногорск қаласы мәдениет ошақтарынан қызмет істеп жүрген мамандар қатысты.
Бірінші күні байқаудың 3 кезеңі өтті: «Мен және менің кәсібім» әрбір қатысушы өзін таныстырып, өзінің қызметі жайында айтса, «Үздік сценарий» кезеңде 11 түпнұсқа сценарийлардың қорғауы болды, ал «Тақырыптық кеш» атты кезеңде ұсынылған жағдайларда, ұыймдастырушылар қандай қабілетті екенін анық көрсетті. Байқаудың қорытынды «Сегіз қырлы» атты кезеңі екінші күні өтті, онда қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Ашық аспан астында өткен байқауда клуб қызметкерлері түрлі әдістерді қолдана отырып, мәдени шараны ұйымдастырудың қызықты форматын көрсете алды. Бұл тәжірибе алмасу үшін тамаша мүмкіндік болғаны сөзсіз.
Байқаудан өз ара бақ сынасып I дәрежелі диплом мен және 100,000 теңге сертификатымен Степногорск қаласынан Оспанова Әсемгүл марапатталды.
II дәрежелі дипломен және 75,000 теңге сертефикатымен Сандықтау ауданы Крикунова Карина марапатталды.
III дәрежели диплом және 50,000 теңге сертефикатымен Біржан сал ауданынан Кузнецова Елена және Ерейментау ауданынан Қайратбек Ұлықпан марапатталды.
Байқауда өз өнерлерін көрсетіп, ерекше сезімге бөлеп, әділ қазылар алқасымен барша қатысушылардың жүздеріне күлкі ұялата білген қатысушыларға облыстық байқауына белсен қатысқаны үшін дипломмен және де 20,000 теңге сертификатымен марапатталды.