2025 жылғы 29 маусымда Ақмола облыстық орыс драма театрының 48-ші театр маусымының қорытындысы ретінде VIII дәстүрлі «Гвоздь сезона» театр сыйлығының салтанатты табыстау рәсімі өтті.
⠀ Шара барысында Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сабитова сөз сөйлеп, театр ұжымын шын жүректен құттықтады:
«Сіздердің еңбектеріңіз – бұл жай ғана сахна мен репетициялар емес, бұл – рухани байлықтың, шабыттың және өңіріміздің мәдени қуатының қайнар көзі. Жаңа маусымда жарқын премьералар, шығармашылық табыстар және көрермендердің ыстық ықыласын тілеймін!»
⠀ Бұл кеште маусым бойы ерекше көзге түскен актерлер мен театр мамандары марапатталды.
⠀ Сыйлықтар мына номинациялар бойынша табысталды:
* Жылдың үздік актері
* Жылдың үздік актрисасы
* Екінші пландағы үздік актер
* Үздік дуэт
* Жылдың үздік спектаклі
⠀ Арнайы марапаттар да берілді:
* Джоннипатинмайк бейнесін ең әсерлі сомдаған актер
* Театрдың үздік қызметкері
* Жылдың үздік менеджері
⠀ «Гвоздь сезона» – бұл тек қорытынды кеш емес, бұл – театрға қызмет еткен жандарға алғыс білдіретін, шығармашылыққа шабыт беретін, жаңа биіктерге бастайтын ерекше сәт.