Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара барысында отандық журналистиканы дамытуға қосқан зор үлесі мен ақпарат саласындағы жемісті еңбегі үшін мемлекеттік марапаттармен және салалық наградалармен марапатталды.

  • Отандық журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденімен;
  • Ақпараттық кеңістіктегі белсенді қызметі үшін «Құрмет» орденімен;
  • БАҚ саласында 40 жылдан астам еңбек етіп, кәсіби шеберлігі мен адал еңбегімен танылған тұлғалар «Еңбек ардагері» медалімен;
  • Еліміздегі бейбітшілік пен рухани келісімді нығайтуға, мәдени мұраны дәріптеуге қосқан үлесі үшін «Халықтар достығы» арнайы орденімен;
  • Кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі үшін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, ақпараттық саясатты жүзеге асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін:

  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хаты;
  • Ақмола облысының дамуына қосқан үлесі үшін Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Марапаттау рәсімін халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің құрметіне арналған салтанатты жиын шынайы өнердің мерекесіне айналды. Сахна төрінде – Ақмола өңірінің мақтанышына айналған ұжым – Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының Камералық музыка ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Жанат Рашит, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Валерия Болиева, республикалық байқаулардың лауреаты Бекұлан Ерболатұлы өнер көрсетті.

Сондай-ақ, шараның тізгінін ұстаған танымал тележүргізуші Көкше елінің тумасы Ардақ Қасымханов пен өңіріміздің жас талантты жүргізушісі Амина Қайратова.