2025 жылғы 23 маусымда «Көкшетау» мәдениет сарайында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер ант беріп, 25 жылдан астам еңбек өтілі бар ардагерлер «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ үздік қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталып, олардың кәсіби еңбегі жоғары бағаланды. Мерекелік жиынға облыс басшылығы, мемлекеттік орган өкілдері мен ардагерлер қатысты. Бұл күн – ел мүддесі үшін аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерге деген құрметтің белгісі.
Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын аясында мерекелік концерт өтті. Концертте Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, көркемдік жетекшісі және бас дирижері «Мәдениет саласының үздігі» Жанат Рашит, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жамиля Жарқымбаева, «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов, «Шапағат» медалінің иегері Аякөз Қалмағанбетова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Саида Рашит, Серікболсын Бекмолдин және «Гәкку» би ансамблі жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева сынды өнер майталмандары көрермен ықыласына бөленді.
Марапаттау рәсімін «Көкшетау» мәдениет сарайының «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.