2025 жылғы 17 сәуірден 12 маусымға дейінгі бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспары аясында Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – «Департамент») бюджеттік қаражатты мемлекеттік органдар мен Ақмола облысының квазимемлекеттік секторы объектілерінің толық және уақтылы игерілуіне бағытталған ішкі процестердің тиімділігін арттыру, бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізеді.
Шектеусіз тексерулерге жол бермеу және мемлекеттік аудит объектілеріне артық қысымды жою үшін аудит объектілерінің тиісті өзара келісілген тізбесі әзірленді.
Барлық аудиторлық тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген және бұзушылықтарды ғана емес, сонымен қатар олардың пайда болу себептерін анықтауға және уақтылы жоюға бағытталған.
Бюджеттік қаражатты тиімсіз және негізсіз пайдаланудың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын қабылдау мақсатында қазынашылық органдары әзірлеген тәуекел профильдерінің негізінде алынған тәуекелді төлемдер мен шарттар талданады.
Мәдениет саласындағы жалақы төлеуге бағытталған бюджеттік қаражатты пайдалануды бақылауды күшейту мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің (бұдан әрі – ОБМ) функционалын кеңейтті.
Осылайша, Комитет аумақтық департаменттерге ОБМ модуліне превентивтік жұмыстың үлесін арттыру және оны ауқымдау үшін қолжетімділікті қамтамасыз еткенін атап өтеміз.
Осыған байланысты Комитет 2024 жылғы 28 қазандағы ведомстволық Департаменттерге тапсырма жолдады.
Осы тапсырманы орындау үшін Департамент білім беру саласындағы жалақы төлемін мониторингтеу үшін ОБМ модуліне қолжетімділігі бар лауазымды тұлғаларды бекітті.
Тұрақты негізде 6 тәуекел профилі бойынша жалақы төлеміне мониторинг жүргізіледі, оның ішінде:
- Карт-шот бойынша жеке тұлғаның деректерінің сәйкессіздігі;
- ЖТЖ-дегі Аты-жөнінің сәйкессіздігі;
- Артық қаражат аудару тәуекелі (бірнеше төлеммен);
- Артық қаражат аудару тәуекелі (бір төлеммен);
- Лауазымдар бойынша артық қаражат аудару тәуекелі;
- Белгіленген нормадан тыс әлеуметтік салық есебінен аудару.
Департаменттің лауазымды тұлғалары тәуекел профильдерінің бірі бойынша тәуекелді төлемді анықтаған жағдайда, ОБМ-де тәуекел мәртебесін «жұмыста», «бұзушылықтар жоқ», «хабарлама жіберілді» деп белгілейді және бюджеттік бағдарлама әкімшісін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарын хабардар ете отырып, хат-әрекет ету (хабарлама) жолдау арқылы дереу шаралар қабылдайды.
Жоғары тәуекелдердің жағдайы сақталған жағдайда (оларды мониторинг объектісі жоймаған жағдайда) кейіннен мемлекеттік аудит тағайындалады және жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінен бастап ОБМ модулінде хабарламалар қалыптастыру тетігі пысықталды.
Бүгінгі таңда Департаменттің мамандары ОБМ модулі арқылы хабарламалар қалыптастырады және мониторинг объектісіне жібереді.
Департамент 2025 жылғы 17 сәуір мен 12 маусым аралығында ОБМ арқылы жалақы төлеміне мониторинг жүргізді және барлығы 160 тәуекелді төлем (73 жеке тұлға) бойынша 25 әрекет ету хаты (хабарлама) жолданды, жалпы сомасы 42 094 735 теңге, оның ішінде:
Атбасар қ. бойынша тәуекелді төлемдердің ең көп бөлігі 54 тәуекелді төлем, жалпы сомасы 12 млн 299 мың теңге;
Аршалы ауданы бойынша 8 тәуекелді төлем, жалпы сомасы 3 млн 320 мың теңге;
Шортанды ауданы бойынша 18 тәуекелді төлем, жалпы сомасы 2 млн 537 мың теңге.