Өнер – жүректің үні, жанның тілегі, өмірдің әсем бояуы. Ол адамның ішкі әлемін паш етіп, армандарды қанаттандыратын, көңілді әлдилейтін сиқырлы әлем.
26 мамыр күні «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының дарынды қатысушылары маусымды «Өнерге қанат қаққандар» атты үлкен концерттік бағдарламасымен жапты.
Концерттік бағдарламада өнер көрсеткен Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары: 50 жылдық тарихы бар «Көкшетау» халықтық би ансамблі – жетекшісі «ҚР Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина, 25 жылдық тарихы бар «Он алты қыз» халықтық би ансамблі - жетекшісі Мадина Дусмогомбетова, 60 жылдық тарихы бар «Сувенир» халықтық би ансамблі - жетекшісі Маргарита Авдеенко, 20 жылдық тарихы бар «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі - жетекшісі Томирис Жанспаева, 30 жылдық тарихы бар «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы - жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Виктория Семёнова, 25 жылдық тарихы бар «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі – жетекшісі Әлизат Дүзелбай, 45 жылдық тарихы бар халықтық ардагерлер хоры – жетекшісі Светлана Пушкина, 40 жылдық тарихы бар «Көркемтау» домбырашылар ансамблі - жетекшісі Альбина Касенова, 30 жылдық тарихы бар «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы және 25 жылдық тарихы бар «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі - жетекшісі Айымгүл Хасенова, 20 жылдық тарихы бар «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясы - жетекшісі Ақниет Абдулла, «Жастар» вокал студиясы - жетекшісі Асем Мухамеджанова, 50 жылдық тарихы бар фортепиано студиясының солистері – Барух Мейрамов, Нурганым Журумбаева, Султан Орал – жетекшілері Элла Гладкова, Елена Анашкина.
Шығармашылық ұжымдардың жұмысы - бұл ғажап, ерекше ауыр және керемет қуанышты жұмыс. Құрметті шығармашылық ұжымдардың қатысушылары, сіздерге барлық армандарыңыздың орындалуын, табысты демалыс және шығармашылық шабыт тілейміз!