29 мамырда «Ақмола облысының кітапханаларын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» жобасын талдау және әдістемелік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында «Кітапханалардың есеп беру қызметі» облыстық семинар-практикумы өтті.
Іс-шара мамандардың қажетті біліктілік деңгейін қолдау және кітапханалардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған.
Қатысушыларға Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Б. Сәбитова және М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қ.Е.Оспанов құттықтау сөз сөйледі.
Семинар бағдарламасы салтанатты және мазмұнды бөліктерді қамтыды. Іс-шараның салтанатты бөлімінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша үздік ОКЖ, «Рухани қазына-2025» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау, Ақмола облысы мемлекеттік желі кітапханашыларын АО мәдениет басқармасының және М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК алғыс хаттарымен марапаттау өтті.
Семинар-практикумның мазмұндық бөлігінде аудитория екі секцияға бөлінді: біріншісі ОКЖ директорларын «Ақмола облысының кітапханаларын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» жобасын талқылау, екінші секцияда өңірдің әдістемелік қызметтері үшін цифрлық және мәтіндік есептерді құрастыру бойынша оқыту шеберлік сабақтары өтті.
Іс-шараға қатысушылардың қатарында 17 аудандық және үш қалалық ОКЖ өкілдері, Ақмола облысы мемлекеттік желі кітапханаларының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері бар. Семинар-практикум бағдарламасының ұйымдастырушысы және әзірлеушісі Жұмабаев атындағы АОӘҒК болып табылады.