Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры 28-інші маусымын Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» драмасымен салтанатты түрде жабылу рәсімі өтті.

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры 28-інші маусымын Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» драмасымен салтанатты түрде жабылу рәсімі өтті.

28-інші театр маусымында «Ар.Рух.Муза», «Тақ.Кек.Қуыршақ» дара-толғаулар, Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай «Соңғы хат» спектакль-концерті, «Өтелмеген парыз» драмасы, «Алдар», «Ортеке туралы аңыз», «Бремен музыканттары» атты ертегілер мен театрландырылған концерттік бағдарламалар ұсынып, барлығы 9 премьераның тұсауы кесіліп, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарында «Ән аты–Нурикамал», «Алаш», «Алдаспан» драмалары мен балаларға арналған «Байқа балақай», «Бремен музыканттары» қойылымдарымен гастрольдік сапарда болды.

28 театр маусымы сахна майталмандары үшін табысты жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мәдениет қайраткері» Қайрат Мырзаболатовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын табыстады. Халық әртісі Бағысова Жібек Есекеқызы «Ақмола еңбек озаты» төсбелгісімен, «Мәдениет қайраткері» Құсайынова Жанар Сатубайқызы «Дара» төсбелісімен, тігін цехының меңгерушісі Бекентаева Ботагөз Қабешқызы мен сахна технигі Кулмаганов Тұрғынбек Нәбиұлы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен және талантты актриса Шайсұлтанова Әсем Берікқызы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Құрметті театр майталмандары! Әрдайым барша көрермендер қошеметіне бөленіп, алғыстарын алып, биік белестерден көріне беріңіздер!

«Театр ұжымына қажырлы еңбегі үшін зор алғысымды білдіремін. Баршаңызға керемет жазғы демалыс тілеймін», - деп театр маусымының жабылу салтанатында Айгүл Сәбитова құттықтады.