2025 жылдың 20-21 мамыр күндері Астана қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдениет қызметкерлері форумының аясында Dicolor, Robe, DiGiGo, L-Acoustics, ETC, Panasonic IMLIGH сынды жарық, дыбыс және басқа да техникалық құрал-жабдықтарды өндіретін ірі халықаралық компаниялардың шеберлік сабақтары мен семинар-тренингтері өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Мәдениет нысандары инженерлерінің қауымдастығы ұйымдастырды.
«Мәдениет қызметкерлері форумы – 2025» аясында өткен «Театр өнері және концерттік қызмет» секциясына қатысқаны үшін «Көкшетау» мәдениет сарайының директоры, «Мәдениет саласының үздігі» Курманова Алия Нурсултановнаға; дыбыс режиссері, «Мәдениет саласының үздігі» Баженов Андрей Львовичке; жарық аппаратурасының техник-операторы Уразалин Серик Ерназаровичке; балалармен жұмыс жөніндегі әдіскер – Шипилова Александра Валерьевнаға сертификаттар табысталды.