«Рухани қазына – 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі өтті

«Рухани қазына – 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі өтті

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында барлық өңірлердегі өнер және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен «Рухани қазына – 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі өтті.

Облыстық комиссияның қарауына келесі материалдар ұсынылды:

«Үздік маңызы бар облыстық музей» номинациясы бойынша: Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Әдебиет және өнер музейі» КММ;

«Облыстық маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Мәлік Ғабдуллин музейі» көпшілік іс-шаралар бөлімінің аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз Мұратқызы;

«Аудандық маңызы бар мемлекеттік музейдің үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Ілияс Есенберлин әдеби музейінің меңгерушісі Комбатурова Ұлболсын Данияровна;

«Үздік аудандық мәдениет үйі» номинациясы бойынша: Зеренді аудандық мәдениет үйі, Зеренді ауданы;

«Үздік ауылдық мәдениет үйі (клубы)» номинациясы бойынша: Шуйское ауылдық мәдениет үйі, Атбасар ауданы;

«Ауылдық мәдениет үйі, клубының үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Алтын Хавдраш – Зеренді ауданы, Ақадыр ауылдық клубы;

«Аудандық  мәдениет үйінің үздік  қызметкері» номинациясы бойынша: Смагулов Талғат Елтайұлы – Егіндікөл  аудандық мәдениет үйінің режиссеры;

«Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша: М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Әубәкірова Жадыра Мыңжасарқызы;

«Қалалық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Көкшетау қалалық электронды кітапхананың кітапханашысы Нурлан Ольджабаевич Кстаубаев;

«Аудандық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Жақсы орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесінің кітапханашысы Досымова Жұмагүл Сәметқызы;

«Ауылдық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Атбасар орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесінің Бастау ауылдық үлгілі кітапхананың кітапханашысы Есенбаева Махаббат Жамбурбаевна.

«Үздік аудандық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша: Есіл орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесі;

«Үздік қалалық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша: Қосшы орталықтандырылған қалалық кітапхана жүйесі;

«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша: Степногорск қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Қарабұлақ ауылдық модельді кітапханасы;

Қорытынды отырыс нәтижесінде «Аудандық (қалалық) маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясын Комбатурова Ұлболсын Даниярқызы, Ақмола облысы Ілияс Есенберлин әдеби музейінің меңгерушісі иеленді.