Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары!

Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары!

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – елін, жерін, туған Отанын шексіз сүйетін, оның тыныштығы мен тәуелсіздігін қадірлейтін барша азаматқа ортақ мереке. Себебі Отан қорғау — тек қолына қару алған сарбаздың ғана емес, ел бірлігін сақтап, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүрген әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.

Бүгінде бұл мереке ерлік пен батырлықтың, азаматтық жауапкершілік пен елге деген сүйіспеншіліктің символына айналды. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан жауынгерлік рух, қайсар мінез бен отансүйгіштік қасиет халқымыздың басты тірегінің бірі болып қала бермек.

Отанымыздың іргесі берік, бірлігіміз бекем болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!

Ізгі тілекпен,
Қосшы қаласының әкімі
Азамат Есімұлы