“ҚОСШЫ СЕРІСІ-2025” қалалық байқауы өтеді

“ҚОСШЫ СЕРІСІ-2025” қалалық байқауы өтеді

ҚР Отан қорғаушылар күніне орай “ҚОСШЫ СЕРІСІ-2025”қалалық байқауы өтеді

✅Ер жігіттің бойындағы қасиетін, тапқырлығын, қажыр-қайратын, ерік-жігерін ояту, ақыл –парасатын дәріптеу;
✅Жігіттерге ұлттық рухты сіңіру, білекті, жүректі сал-серілерді анықтау;
✅Білімді, өнерлі жігіттердің тапқырлығымен талантын насихаттау;
✅Қосшы қаласының сегіз қырлы, бір сырлы жігіттерін тауып, үлгілі тұлғаларды қалыптастыру;
✅Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу;
✅Жігіттерді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа баулу;
✅ Жігіттердің ұлтжандылық сезімін ояту.
халқымыздың бай ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын дәріптеу мақсатында өтетін байқауға 18-35 жас аралығындағы сері, өнерлі жігіттерді шақырамыз!

Өтінімдер 2025 жылдың 28 сәуіріне дейін Қосшы қаласының қоғамдық мәдени-спорт кешенінің qosshy2018 @mail.ru электрондық поштасына жолданады.
Байланыс телефоны- 8-702-906-52-22 Сейтмуратов Н.С.