Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз
Бүгін қала басшылығының бастамасымен Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы, "АМАНАТ" партиясының мүшесі, Әлихан Қуатбеков, депутат Динара Райханова және әкімдіктің, мәслихат аппаратының қызметкерлері шаһарымызға белгілі соғыс ардагері, ғасыр жасап отырған ақсақал Нұрқасым Әжітайұлының шаңырағында болып Амал мерекесімен құттықтады.
Бабадан келе жатқан дәстүр бойынша Нұрқасым ақсақал көпшілікке батасын беріп, еліміздің амандығын тіледі. Ал, жастар ардагер тұратын үйдің ауласын қардан тазалап, қол көмегін берді.
Ұрпақтар сабақтастығын дәріптелуіне, бірлігіміздің бекемденуіне себепкер болып келе жатқан ұлық мереке құтты болсын. Ынтымағымыз жарасып, ырысымыз арта берсін. Амал мерекесі құтты болсын!