Оған еліміздің солтүстік аймақтарынан 5 құрама мен Қосшыдан 4 құрама қатысты.
“Jaidarman”- көңілді тапқырлар өнер көрсететін танымал жастар қозғалысы.
“Jaidarman” ойындары жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткіл мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасы.
Жастар әзіл-оспақты қолдана отырып, қоғамның дамуындағы мәселелерді ашуға, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға шақырады.
Бүгінде “Jaidarman” мектеп жасындағы жеткіншектер, студенттер, жұмысшы жастар мен қатар әр саладағы еңбек адамдарының талантын топтастыратын көңілді алаң.
Қосшы қаласында өткен ойында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған құрамалар:
✅Қостанай облысы, Торғай ауданының “Жаңа ғасыр” командасы;
✅Қостанай облысы, Рудный қаласының “Қарлығаштың құйрығы неге айыр” командасы;
✅Теміртау қаласының “Ғарыш”командасы;
✅Астана қаласының “Шекер”командасы;
✅Қарағанды қаласының “Бес арыс”командасы;
✅Қосшы қаласының “03 регион”командасы;
✅Қосшы қаласының “Нұрай”командасы;
✅Қосшы қаласының “JasStar”командасы;
✅Тайтөбе ауылының “Тәтелер”командасы.
Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жумкей командаларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Ойынды Республикалық “Jaidarman”ойындарының жүргізушісі, әкімгері Фурхат Курбанов жүргізді.
Республикалық ойындардың жеңімпаздары төрелік етті. Нәтижесінде:
Астаналық “Шекер” - бірінші орын;
Тайтөбелік “Тәтелер” - екінші орын;
Қосшылық “03 регион”, “Нұрай”, “JasStar” -үшінші орын иеленді.
Үздік ойыны үшін тайтөбелік “Тәтелер” мен торғайлық “Жаңа ғасыр” ойыншыларына арнайы сыйлық табысталса, өзге құрамалар қатысқаны үшін арнайы жүлделермен марапатталды.