Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған “ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ ЖӘНЕ ҰЛТ МҮДДЕСІ” тақырыбында ғылыми конференция өтті

Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған “ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ ЖӘНЕ ҰЛТ МҮДДЕСІ” тақырыбында ғылыми конференция өтті

Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің “Орталықтандырылған кітапхана жүйесі” КММ ұйымдастырумен көрнекті жазушы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған “ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ ЖӘНЕ ҰЛТ МҮДДЕСІ” тақырыбында ғылыми конференция өтті.

Конференцияны Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Әлихан Жұмаханұлы алғысөзімен ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференция модераторы ақын, жазушы,«Ахмет.Ұлы ұстаз»,«Міржақып.Оян қазақ» фильмдерінің сценарисі Ұларбек Нұрғалымұлы конференция спикерлерін таныстырып, конференция тізгінін ұстады.

Конференцияда
- ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Алтынбек Нұхұлы;
- ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар обылыстық «Ақбеттеу» журналының редакторы, өлекетаншуы Сайлау Байбосын;
- Алаштанушы, Әлихан Бөкейхан Алаш ғылыми-зерттеу институтының директоры Ұшқын Сәйдірахманұлы
тағылымды баяндама жасап, тың деректер айтылды.