Қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 21 қарашасы күні қаламыздағы “ALAN”денешынықтыру, сауықтыру кешенінде халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны Балуан Шолақтың 160 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы ұлттық спорт және ойын түрлерінен қалалық турнир өтті.
Қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы жас спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі!
Турнирге қала мектептерінің 9-11 сынып оқушыларынан 8 команда қатысты.
-КОМАНДАЛЫҚ АРҚАН ТАРТУ;
-ТАЯҚ ТАРТУ (мас-рестлинг);
-ҚОЙ КӨТЕРУ сайыстары бойынша жалпы 96 спортшы қатысты.
Турнирдің құрметті қонағы және төрешісі 27 дүркін әлем чемпионы, тас палуан Арман Сүлейменов болды.
Турнир нәтижесінде:
Таяқ тартудан қыздар арасында:
1 орын - Парфилькина Полина (мектеп-гимназия)
2 орын - Айдарбек Раяна (#2 орта мектеп)
3 орын - Шыңғыс Кәусәр (3 орта мектеп);
Ұлдар арасында:
1 орын - Закен Алмас (2 орта мектеп)
2 орын - Базилов Диар (ІТ мектеп- лицейі)
3 орын - Ирубаев Арлан (“Дара”БА” мектеп-лицейі).
Қой көтеруден:
1 орын - Сейілхан Айбек, (мектеп- гимназия);
2 орын - Сұңқар Саңлақ (“Дара”БА” мектеп-лицейі);
3 орын - Дәулетқан Арлан (ІТ мектеп-лицейі);
Командалық арқан тартудан:
1 орын - #3 орта мектеп командасы
2 орын - Р. Қошқарбай атындағы 1 орта мектеп командасы;
3 орын - 2 орта мектеп командасы ие болды.