♻️ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгін Қосшы қаласында «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасуда.

♻️ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгін Қосшы қаласында «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасуда.

♻️ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгін Қосшы қаласында «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасуда.

✅️ Қоршаған ортаны таза әрі ұқыпты ұстау – әрбір азаматтың басты парыздарының бірі.

🔹️ Бүгін Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов бастап, ғасыр жасаған, ҰОС-ның ардагері Нұрқасым Әжітаев ақсақал, халқымыздың сүйікті әншісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев, жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы мен Айгүл Сейіл отбасымен, айтыскер ақын Еркебұлан Қайназар , жазушы Мақсот Ізімұлы, ақын, " Jańa Bastau" газетінің құрылтайшысы Бауыржан Қарағызұлы , кәсіпкер, меценат Жұмабек Зайытұлы, Ақмола облысы мәслихатының депутаты Айдын Туребаев, Қоғамдық кеңестің төрайымы, кәсіпкер, меценат Сайра Матайбаева, қалалық мәслихаттың хатшысы Әлихан Қуатбеков , күйші, ғалым Ардаби Маулет , танымал суретші, Қосшы қаласы эмблемасының авторы Толқын Табысбек, Қосшы Қалалық Ардагерлер Кеңесі төрағасы Қабділбар Абақов бастаған зиялы қауым #3 орта мектептің саябағына ағаш отырғызып, акцияға өз үлестерін қосты. Әр ағаштың түбіне тұлғалардың есімі жазылған және өмір жолын баяндайтын QR кодпен тақтайшалар орнатылды. Бұл жас ұрпаққа осы тұлғаларды жан-жақты зерттеуге, білімін толықтыруға арналған көмекші құрал болмақ. Олардың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлығын ояту басты мақсат.

❗️Табиғат баршаға ортақ байлық!

#Жасыл_аймақ
#Таза_Қазақстан
#Қосшы_қаласы