"АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ"

"АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ"


Мағжан Жұмабаев

      Бүгін Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шараға қатысып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

      Мұғалім –мамандық, ұстаздық – қасиет. Ұстаз – ұлағатты есім. Адам баласын білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адами қасиеттерді шәкірт бойына дарытуда, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан зор.