Құрметті ұстаздар қауымы!
Білім саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мұғалім –мамандық, ұстаздық – қасиет. Ұстаз – ұлағатты есім. Адам баласын білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адами қасиеттерді шәкірт бойына дарытуда, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан зор.
Президентіміздің айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде, білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық - техникалық базасын заман талабына сай жабдықтау білім саласын дамытуға жасалған қамқорлық.
Өздеріңіз білетіндей, Қосшы қала мәртебесін алғалы жыл сайын білім ордасының саны артып келеді. Биыл екі бірдей мектебіміз жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдап, үш ауысымдық білім беру толықтай жойылды. Келер жылы тағы 1200 орындық бір мектеп қолданысқа беріледі және «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша тағы да үш мектептің құрылысы басталады.
Мектептің көптеп ашылуы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. Бұл өз кезегінде, сіздердің елеулі еңбектеріңіздің арқасында, өз елінің патриоты және тәрбиелі, әрі жауапты ұрпақты тәрбиелеп шығуға септігін тигізеріне сенімдімін.
Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!
Ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.
Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай келе, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық өрлеу мен табыстар тілеймін!
Мереке тағы да құтты болсын!
Құрметпен, Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов.