Хабарландыру

Хабарландыру

Өздеріңіз білетіндей, Қосшы қаласының аумағы көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға бейім, онда жекелеген шағын аудандарда жыл сайын тұрғын үйлерді су басу қаупі бар күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасады. Қазірдің өзінде топырақтың қатуының максималды тереңдігі шамамен 1,5 метрге жеткенін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда Қосшы қаласының аумағынан арнайы қар полигонына 38 621 м3 қар шығарылды. Қыстың соңына дейін аз уақыт қалды және көктемгі кезеңде онымен бірге туындайтын су тасқыны қаупінің алдын қалай алу керектігін ойластырған жөн.
Су тасқыны - бұл өзендегі, көлдегі судың қар еру кезеңінде, нөсер кезінде, кептелісте және т.б. жағдайда деңгейінің көтерілуі нәтижесінде айтарлықтай судың басуы.
Су тасқыны - үйлерге, ғимараттарға, көпірлерге зиян келтіретін табиғи жойқын күш. Теміржол және автомобиль жолдарының шайылып кету қаупі бар, инженерлік желілердегі апат, егіннің жойылуы, тіпті кей жағдайлаарда адам және жануарлардың шығынына әкелуі мүмкін.
Сол себепті төтенше жағдай туралы ақпаратты және іс-қимыл тәртібі туралы нұсқауларды мұқият тыңдау керек;
- сабыр сақтаңыз, көршілерге ескерту жасаңыз, мүгедектерге, балаларға және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз. Жергілікті атқарушы органдардан тұрғындарды эвакуациялау үшін әзірленген арнайы орындар туралы мәліметті анықтап, соған көшуге дайын болыңыз;
- құжаттарды, киімдерді, қажетті заттарды, бірнеше күнге жететін азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Барлығын чемоданға салыңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакетте сақтаңыз;
- электр тогын барлық электр желісінен ажыратыңыз, газды өшіріңіз;
- бағалы заттар мен азық-түлікті жоғарғы қабаттарға ауыстырыңыз немесе жоғарғы сөрелерге көтеріңіз; - мүмкіндігінше өз учаскеңіздің округінде арық жүйесін әзірлеп және тазарту қажет.
Су ерігеннен кейін жыртылған және салбыраған электр сымдарынан, зақымдалған газ желілерінен сақ болу керек. Үйге кірер алдында оның құрылымы су элементінің әсерінен босап қалмағанына көз жеткізу керек. Судан табылған тамақ өнімдерін, тасқын суды да ас ретінде қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда ең алдымен өзіңізді қауіпсіздік ережесіне сай ұстап және 112 құтқару телефонын есте сақтаңыз.