Бүгін Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов жобалық басқару жөніндегі жұмыс тобымен кездесуі өткізді

Бүгін Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов жобалық басқару жөніндегі жұмыс тобымен кездесуі өткізді

Бүгін Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов жобалық басқару жөніндегі жұмыс тобымен кездесуі өткізді.

Президенттің 2021 жылғы 26 шілдедегі Жарлығымен Қосшы облыстық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. 1,5 жыл ішінде Қосшы қаласының өкілдік органы – мәслихат, 9 жергілікті мемлекеттік орган және 8 аумақтық бөлімше құрылып, тиісті жұмыс ұйымдастырылды.

2022 жылы Қосшы қаласында 20 жоба іске асырылса, бүгінгі таңда 19 жоба қолға алынды. Жыл қорытындысы бойынша жобаларды іске асырудың нәтижесінде әлеуметтік - экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері (өнеркәсіптік өндіріс көрсеткішін қоспағанда) 100 пайыздан асты.
Өткен аптада Үкіметте 2027 жылға дейін Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік - экономикалық дамытудың кешенді жоспары қарастырылып, оң шешім қабылданды.

Бұл Кешенді жоспарға 30 жоба (қалада 29 және Тайтөбе ауылында 1 жоба) енді, олар 5 жыл ішінде іске асырылатын болады.
Қосшы қаласында жобаларды іске асыру ашықтық принципі бойынша жүзеге асырылады.

Кездесу барысында көшпелі топтың жетекшісі, "Ақмола облысының Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тұтынушылар" ҚБ басқармасының төрағасы Арман Садықов көпшілікке жобалық басқарудың жәй-жапсарын пысықтап берді. Қосшы қаласында жүзеге асып жатқан жобалар бойынша мамандар баяндама жасады.