Қолаң шаш аруларды іздейміз!

Қолаң шаш аруларды іздейміз!

Қолаң шаш аруларды іздейміз!

🌼Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Абай

🌼Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген.

Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.

Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп аталады. Оның әр талын жібектей деп, өрілген бұрымды білектей деп салыстырған. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі.

Ақындар оларға «қолаң қара шашы бар жібек талды» (Абай), «сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек» (Ақан сері) деп таңданған.

Шаш күтімі, оны тарау, өсіру, өру – үлкен бір тәрбие мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет – осының бір дәлелі.

🌼Құрметті Қосшы қаласының арулары!

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай 2023 жылдың 3 наурызы күні «Бұрымды қыз» аймақтық байқауы өтпекші.

🌼Байқаудың мақсаты- салт-дәстүрді жаңғырту, қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру, ең шашы ұзын аруды анықтау, қазақ қызына тән, мінез-құлықты дәріптеу.

🌼Аймақтық байқауға қатысып, қаламыздың намысын қорғайтын аруларды күтеміз! Алдын-ала іріктеуден өткен арулар, аймақтық байқауға жіберіледі. Шарт бойынша 16 мен 25 жас аралығындағы шашының ұзындығы 80 см асатын ақылына көркі сай, қолаң шашты аруларды шақырамыз.

🌼Қатысуға өтінімдер 8 778 573 15 44 (Сандуғаш) байланыс нөмірі бойынша қабылданады.