КІТАП ОҚЫ: Мұхтар Әуезов. Қилы заман

КІТАП ОҚЫ: Мұхтар Әуезов. Қилы заман

Бүгін Қосшы қаласының Тілдерді оқыту орталығында Қосшы қаласының тұрғыны, абайтанушы, филология ғылымының кандидаты, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сейдалы Оразалиевтің жүлдесі үшін ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» повесі бойынша сайыс өтті.

📚Сайысқа тіл маманы Келдібай Берлібайұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Еркебұлан Оспан, Сауран клубы “Көркем оқу” үйірмесінің жетекшісі Жайлаухан Қақатайұлы мен шәкірттері белсене қатысты.

📚Шарт бойынша әрбір дұрыс жауап үшін 1000 теңгеден тігілді. Сайыс қорытындысына сәйкес белсене қатысқан оқырмандар демеуші Сейдалы Оразалиевтің атынан қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

📚Бүгін өткен сайыс демеуші тарапынан қолдау табуымен ерекшеленді. Бұл балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түскені анық.