Құрметті спорт сүйер қауым!!!

Құрметті спорт сүйер қауым!!!

Еркін күрестен Қосшы қаласы әкімінің кубогі үшін 2013-2015 ж. туылған балалар арасында қалааралық ашық турнир өтеді.

Еркін күрес спортын насихаттау, салауатты өмір салтын нығайту, жасөспірімдерің спортқа деген құлшынысын арттыру мақсатында өткелі отырған жарысқа жанкүйер болыңыздар!

Жарыс 2022 жылдың 5 қарашасы күні сағат 09.00 Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің спорт залында өтеді.

Салмақ өлшеу рәсімі 4 қарашада сағат 19.00-20.00 дейін Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді (Қабанбай батыр көшесі, 43 G есік).

Жарысқа 2013-2015 жылы туылған cалмақ дәрежелері: 18 кг, 20 кг, 22 кг, 24 кг, 26 кг, 28 кг, 30 кг, 33 кг, 37 кг, 37+ (салмақ кемдігі 700 граммға рұқсат) қатыса алады.

Жарысқа қатысу үшін туу туралы куәлік, жарысқа қатысу өтінімі міндетті түрде болуы шарт.

Жарыс бүкіл әлемдік күрес федерациясының бекіткен ережесіне сай өткізіледі.
Байланыс нөмірі 87055036248 (Алмат)