
“Абай жолы” фильмінің, “Ахмет-ұлт ұстазы” сериалдарының автор сценаристі, Ұларбек Нұрғалымұлы Қосшы қаласының тұрғыны екенін мақтанышпен айтқымыз келеді. Қазақтың белгілі ақыны Ұ.Нұрғалымұлы, 1983 жылы дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «кинотеледраматургия» мамандығы бойынша бітірген және осы мамандық бойынша Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінде оқып, «Өнертану» магистрі дәрежесін алған. Қазір осы университетте «қазақ театр тарихы» пәнінен дәріс оқиды. “Ерен еңбегі үшін” медальімен марапатталған.
Автордың «Керағыс» жыр жинағы, «Болмыс», «Жазушы жаны», «Тағдыр мен майдан» әдеби сараптамалық, зерттеу кітаптары, қазнетте ең көп оқылым жинаған «Дайағашшы» эссе, әңгіме, мақалалар жинағы және «Ілияс пен Заңғардың планшеті» атты комикс жанрындағы балаларға арналған тағылымдық кітабы жарық көрген.
Ұларбек мырзаға, шығармашылық табыс пен Қосшы қаласында баянды ғұмыр тілейміз.