
1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды.
Тәуелсіз еліміздің дербестігін, зайырлы, көпұлтты Қазақстан азаматтарының сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің орны ерекше.
Құрметті ел тыныштығының сақшылары!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Батырлық пен батылдық, тапқырлық пен табандылықты бір арнаға тоғыстырып егемендік пен елдікті сақтауда бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарған адал қызметтеріңіз ұрпаққа үлгі.
Отанымыздың қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз табысты, азаматтық айбындарыңыз асқақ бола берсін!
Құрметпен, Қосшы қаласының әкімі Г.Қасенов