Қала басшысы пластмасса бұйымдарын өндіретін зауытқа барып қайтты

Қала басшысы пластмасса бұйымдарын өндіретін зауытқа барып қайтты

Бүгін қала әкімі Г. Қасенов қаламыздағы пластмасса бұйымдарын өндіретін зауытқа барып, өндіріс орнының жұмысымен танысып қайтты

«KAISER ENGINEERING» компаниясы құбыр бұйымдарын өндіруге арналған жабдықтар - кәріз құбырларына арналған арматура және қабырғалық панельдер шығарады. Екі желінің жалпы жылдық қуатты жылына 1920 тоннаны құрайды. Зауыт 72 тауар түрін ПВХ шикізатынан (поливинилхлорид) жасайды. Компания 18 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Мұндай ірілі-кішілі зауыт, өндіріс орындарының болғаны қаламыздың әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Кәсіпкерлік нысандарының көптеп ашылып, сәтті жұмыс істеуі - қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жақсы әсер етсе, бір жағынан тұрғындар үшін қосымша жұмыс орны болып табылады.