
Иманжүсіп Құтпанов (1863-1931) - белгілі әнші-композитор, ұлт азаттық қозғалысының қатысушы өкілі, ақын, еліміздің қазынасына баға жетпес үлес қосқан қазақ халқының танымал тұлғасы. Оның «Ерейментау», «Сарыарқа», «Қараөткел», «Сарыбел» және т.б. әндері қазақ халқына кеңінен тараған.
Иманжүсіпті Тараз қаласында Мойынқұм көтерілісін ұйымдастырғаны үшін айыптап, халық жауы деп 1931 жылы 2 наурызда ату жазасын кесті. 1992 жылы ақталып шықты. Әкесінің қайтыс болғанынан кейін, аман-есен қалған Иманжүсіптің баласы - Нұрхан Наманған балалар үйінде тәрбиленіп шыққан. Ол қайтыс болғаннан кейін, оның жақсы атын қалпына келтіру, оның сал серілік өмірі мен шығармашылығын зерттеу мақсатында табылған ғылыми өмірбаяндық деректермен немересі Иманжүсіп Раушан айналысып келеді.
Иманжүсіптің немересі Иманжүсіп Раушан ширек ғасырдан астам Иманжүсіпке байланысты шығармашылық мұрасын (қайтарылмай жоғалған және ұмытылып қалған 20-дан астам әндерін), 30-ға жуық кітабын бастырып, 500-ден астам мақалалар жарияланды. Деректі фильмдер түсіріліп, 50-ден астам халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, 150-ден астам еске алу кештері,семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырды.
Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылынан 8 шақырым жерде Құтпановтардың отбасылық зираты орналасқан. Ол ата-анасы, ағалары мен қарындастарының маңында жерленген.
Белгілі әнші-композитор, ұлт азаттық қозғалысының қатысушы өкілі, еліміздің тарихына үлкен із қалдырып, төкпе ақын - Иманжүсіп Құтпановтың жерленген орнына ұрпақтары мен аудан және облыс қонақтары еске алып және құран бағыштау үшін келеді.