2021 жыл, 14 қазан күні қала әкімі Гайдар Қасенов Қосшы қаласындағы «Сапа Су» зауытына барып қайтты.

2021 жыл, 14 қазан күні қала әкімі Гайдар Қасенов Қосшы қаласындағы «Сапа Су» зауытына барып қайтты.

2021 жыл, 14 қазан күні қала әкімі Гайдар Қасенов Қосшы қаласындағы «Сапа Су» зауытына барып қайтты.

Бұл үлкен зауыттың жобалық қуаты 50 мың тоннаны құрайды. Өндіріс орны су құбырларына, канализацияға, дренажға, электрмен жабдықтауға, мелиорацияға, телекоммуникацияға, ағынды суларды тазартуға және жаңбыр суын төгуге арналған темірбетонды бұйымдар шығарады.   

Зауытта немістің Variant-400 өндірістік құрылғысы орнатылған. 2020 жылы  модернизация аясында Дания өндірісінің Multicast SCC 200/250 жаңа жабдықтары сатып алынып, жаңа трансформаторлық қосалқы станция мен діріл жүйесі бар қалып орнатылды.

Қосшы қаласында орналасқан зауыт бұйымдарын республикамыздың бірқатар облыстары мен қалаларына таратып отыр.

Жалпы, зауыттың келешегі, өндірістік қуаты зор. Себебі, компания жаңа инновациялық қаптамасы бар гидрооқшауланған темірбетон құбырын  шығаратын санаулы кәсіпорындардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, зауыт СТ.KZ формасы сертификаттарының иегері және Ақмола облысының атынан өңдеу өнеркәсібі ретінде түрлі халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы.

Кәсіпорын өкілдері зауыттың қазіргі жағдайы мен енгізілген жаңашылдықтарымен таныстырды. Сондай-ақ, нарықты қамтуды кеңейту және өз өнімдерін Қосшы қаласындағы құрылыс пен инженерлік жобаларында қолдану  мүмкіндіктерін жеткізді.