Қосшы қаласында «Самұрық -Қазына» қорының еншілес ұйымы - QazCloud өзінің жеке дата-орталығын іске қосты

Қосшы қаласында «Самұрық -Қазына» қорының еншілес  ұйымы - QazCloud өзінің жеке дата-орталығын іске қосты

«Қазақтелеком» АҚ Коммуникациялар департаментінің хабарлауы бойынша  Қазақстандық инфрақұрылым провайдері «QazCloud» ЖШС «Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялардың барлық ақпараттық жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және Қордың еншілес компаниясы «Қазақтелеком» АҚ-ның өз тұтынушыларына қызмет көрсету көлемін кеңейтуге мүмкіндік беретін деректерді өңдеу орталығын іске қосты.        

Жаңа деректерді өңдеу орталығының технологиялық ерекшеліктері - қызмет көрсету сапасын арттыра отырып, дата-орталығының инфрақұрылымында болуы ықтимал ақаулардың алдын-алуға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлы техникалық қызмет көрсету немесе профилактикалық қызмет көрсету үшін дата-орталықта жүйелерді толығымен өшірудің қажеті болмайды, яғни қор компаниялары дата-орталығының кейбір жабдықтары өшірілген жағдайда да өз деректерімен емін-еркін жұмыс жасай алады.   

QazCloud Деректерді өңдеу орталығы Қосшы қаласында орналасқан, объектінің жалпы ауданы 259 шаршы метр, жабдықтар бөлмесінде 100 тірек бар. Модульдік дата-орталығы Tier II деңгейіндегі деректер орталығының сенімділігі сертификатына сәйкес жасалған. Оның және бір артықшылығы, ол  99,749% деңгейінде деректерді өңдеу орталығының жұмысқа қабілетін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін барлық қызмет көрсету жүйелерінің үздіксіз жұмысына кепілдік береді.  

Жаңа деректерді өңдеу орталығында үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін (N+1) схемасы бойынша дизельді генератормен бірге динамикалық үздіксіз қуат көздеріне негізделген жүйе орнатылды. Айта кету керек, бұл Қазақстан үшін бірегей шешім болып табылады. Деректер орталығының қауіпсіздігін қарулы күзетшілер, аумақтың бүкіл периметрі бойынша рұқсат етілмеген жүрістерге қарсы көп деңгейлі бақылау жүйесі, Face ID және бейнебақылау жүйесі кіруді басқару және бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.