«Косшы қаласында 2021-2022 жылдарға жылыту маусымының басталуы туралы»

«Косшы қаласында 2021-2022 жылдарға  жылыту маусымының басталуы туралы»

«Косшы қаласында 2021-2022 жылдарға

жылыту маусымының басталуы туралы»

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 6С-5-3 шешімімен бекітілген Ақмола облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы, Ақмола облысы Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақмола облысының Қосшы қаласында 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымы басталсын:

1) 2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап – әлеуметтік нысан;

2) 2021 жылғы 25 қыркүйектен бастап – тұрғын үй және өзге де нысандар.

2. «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Д. Мұқанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Д. Мұқанов) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А. Ж. Қуатбековке жүктелсін.

 

 

Әкім Г. Қасенов