Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қалалық мәслихаттың келісімімен Қосшы қаласының әкімі тағайындалды. Ол Ақмола облысы Атбасар ауданының тумасы Гайдар Қасенов болды.

1976 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы аграрлық университетi, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Халықаралық бизнес академиясын бiтiрген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.
2001 жылдан 2006 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2006 жылдан 2008 жылға дейін-Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін әкімі қызметтерін атқарды.
2008 жылдан 2015 жылға дейін - "Қазтеміртранс"АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып еңбек етті.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 27 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Ақмола облысының Целиноград ауданы одан облыстық маңызы бар қала мәртебесін алған Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.