Жұмыс барысында жылу энергиясын өндіру қуатын арттыру және алдағы жылыту маусымында жылу тапшылығын төмендету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы қаралды.
Атап айтқанда, қолданыстағы №3 қазандықты жаңғыртып, қуаты жоғары КВФм 37,5-150 маркалы қазандыққа ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа қазандықты іске қосу нәтижесінде қазандықтың қолжетімді қуатын 36 Гкал/сағ-тан 56 Гкал/сағ-қа дейін арттыру жоспарлануда. Бұл қаладағы жылу энергиясы тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.
Қала әкімі аталған жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстар Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлының қатаң бақылауында екенін жеткізді.
Жылу қазандықтарындағы жөндеу жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда.