Қабылдау барысында тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік мәселелер және табиғи газға қосылу бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларының қатысуымен түсіндірме беріліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Азаматтардың өтініштері бақылауға алынды.
Еске сала кетейік, Қосшы қаласы әкімдігі тұрғындарды тұрақты түрде қабылдайды. Жеке қабылдауға алдын ала 8 (7172) 607-770 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.